«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы байқауна өтінім берілетін модулі 18 қазаннан бастап 31 қазанға дейін

Құрметті студенттер!

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының сайтынан табуға болады.

Сұрақтар-жауаптар:

1. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын алуға кім үміткер бола алады? 

Білім беру грантын алуға үміткерлер:

Қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуын жалғастыру үшін ЖЖОКБҰ студенттері.  Қордың грантына (шәкіртақымен) үміткер студенттерді іріктеуді:

- «Taiburyl»  Қоғамдық бірлестігі жүргізеді, 

2. Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері қандай?

ЖЖОКБҰ студенттерінің арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша Қордың гранты мен шәкіртақысына үміткер Бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері: 

1,2,3 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;

3. Гранттар қандай университеттерге және қандай мамандықтарға беріледі? 

«Қазақстан халқына» ҚҚ-ң 2022-2023 оқу жылына білім беру гранты» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын ЖЖОКБҰ (университеттердің) тізбесі «Қазақстан халқына» ҚБ-ң https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs/17-charity-ru/190 сайтында жарияланған.

Мамандықтар бойынша шектеулер жоқ.

4. Грант қандай оқу кезеңіне таралады, оқу құны бойынша шектеме бар ма?

Шәкіртақы төленетін грант Бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды. 

Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс. 

5. Грант алушылардың Қордың алдында қандай да бір міндеттемелері бар ма?

Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.

6. Грант беру туралы кесімді шешімді кім қабылдайды?

Студенттердің арасында грантқа үміткерлерді іріктеуді «Taiburyl» ҚБ жанында құрылған комиссиялар жүзеге асырады. Қорға қабылдау комиссиясының отырысындағы хаттаманың көшірмесі және іріктеуден өткен студенттердің тізімі беріледі.

7. Студент қандай жағдайларда гранттан айырыла алады? 

Білім беру грантын төлеу мынадай жағдайларда тоқтатылады:

- жеке себептері бойынша немесе денсаулығына байланысты оқуын тоқтатқан кезде (академиялық демалыс), студент білім беру ұйымынан шығарылған кезде, студент басқа оқу орнына ауысқан кезде, студент алмасу бағдарламаларының аясында басқа білім беру ұйымында оқыған жағдайды ескермегенде. 

 8 ҚР-ң аумағында тұратын басқа елдің резиденті конкурсқа қатыса ала ма?

- қатыса алмайды.