Правила
Құрметті студенттер!
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының сайтынан табуға болады.
Сұрақтар-жауаптар:
1. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын алуға кім үміткер бола алады?
Білім беру грантын алуға үміткерлер:
Қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуын жалғастыру үшін ЖЖОКБҰ студенттері. Қордың грантына (шәкіртақымен) үміткер студенттерді іріктеуді:
- «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігі жүргізеді,
2. Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері қандай?
ЖЖОКБҰ студенттерінің арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша Қордың гранты мен шәкіртақысына үміткер Бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері:
- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар студенттер;
- толы жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер (АСП\АӘК алушы);
- толық емес отбасыдан 1,2,3 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-аналары/ата-анасының бірі 1,2,3 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.
3. Гранттар қандай университеттерге және қандай мамандықтарға беріледі?
«Қазақстан халқына» ҚҚ-ң 2022-2023 оқу жылына білім беру гранты» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын ЖЖОКБҰ (университеттердің) тізбесі «Қазақстан халқына» ҚБ-ң https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs/17-charity-ru/190 сайтында жарияланған.
Мамандықтар бойынша шектеулер жоқ.
4. Грант қандай оқу кезеңіне таралады, оқу құны бойынша шектеме бар ма?
Шәкіртақы төленетін грант Бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды.
Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.
5. Грант алушылардың Қордың алдында қандай да бір міндеттемелері бар ма?
Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.
6. Грант беру туралы кесімді шешімді кім қабылдайды?
Студенттердің арасында грантқа үміткерлерді іріктеуді «Taiburyl» ҚБ жанында құрылған комиссиялар жүзеге асырады. Қорға қабылдау комиссиясының отырысындағы хаттаманың көшірмесі және іріктеуден өткен студенттердің тізімі беріледі.
7. Студент қандай жағдайларда гранттан айырыла алады?
Білім беру грантын төлеу мынадай жағдайларда тоқтатылады:
- жеке себептері бойынша немесе денсаулығына байланысты оқуын тоқтатқан кезде (академиялық демалыс), студент білім беру ұйымынан шығарылған кезде, студент басқа оқу орнына ауысқан кезде, студент алмасу бағдарламаларының аясында басқа білім беру ұйымында оқыған жағдайды ескермегенде.
8 ҚР-ң аумағында тұратын басқа елдің резиденті конкурсқа қатыса ала ма?
- қатыса алмайды.
9. Өтінімді қалай беруге болады?
Білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысу үшін студенттер мынадай құжаттарды тапсырады:
- Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі
- Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
- Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы
4. Оқу орнынан анықтама және (транскрипт) (алған орны-деканат)
- ҰБТ сертификаттың көшірмесі
- Студенттің туу туралы куәлігінің көшірмесі
- Төменде көрсетілген санаттардың бірінің (немесе бірнешесінің) құжаттамалық растауы:
- 1, 2, 3 топтағы мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар;
- толы жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар (АСП\АӘК алушы);
- толық емес отбасыдан 1, 2, 3 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп отырған отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-аналары/ата-анасының біреуі 1, 2, 3 топ мүгедегі болып табылатын студенттер
5. Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі
6. АӘК (АСП) алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО\eGov сайтында)
7. Үміткердің/не ата-анасының/Кәмелетке толғанға дейін туған аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) мүгедектігін растау туралы анықтама (ХҚКО алу орны\eGov сайтында)
8. Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама
10. Неке бузу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса)
11. Қайтыс болу туралы куәлік (бар болса)
12. Мотивациялық хат:
- өзіңіз және отбасыңыз туралы ақпарат; қызығушылықтарыңыз бен жетістіктеріңіз туралы;
- оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;
- білім алу үшін осы мамандықты таңдау себебі туралы ақпарат
14. Өтінімдер қай мерзімде беріледі?
Ақылы топтарда оқитын студенттердің арасында грант алуға үміткерлерден құжаттар 8 қыркүйектен бастап 20 қыркүйек аралығында қабылданады. Бұл ретте студенттер грант алуға өтінімді «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтында онлайн береді.
15. Өтінімдер қаншай уақыт ішінде қарастырады?
Студенттердің өтінімдерінің Комиссиясы 30 қыркүйек күні дейін қарастырады.